Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау күнімен құттықтады

Автор: Azattyq Rýhy

Президент бүгін ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толғанын атап өтті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық күніне орай құттықтау тілегін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін – Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні. ДДСҰ-ның құрылғанына 75 жыл толып отыр. Біз әлем халқының денсаулығын нығайту жөніндегі Ұйымның қажырлы қызметін құптаймыз», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Тwitter желісінде.

Президент сондай-ақ Қазақстан денсаулық сақтау саласының барлығына қолжетімді әрі әділ болуын толық қолдайтынын жеткізді.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) ( The World Health Organization) — 1946 жылы БҰҰ-ның жанынан құрылған халықаралық медициналық мекеме. ДДСҰ жарғысында бекітілген негізгі мақсаты – жер бетіндегі барлық халықтардың денсаулығын жақсартуға қол жеткізу. ДДСҰ-ның жарғысы қабылданған күн (1948, 7 сәуір) Дүниежүзілік денсаулық қорғау күні болып аталады.