Қарағанды облысындағы жылқы арасында инфекция тараған ауылда карантин жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Мұнда жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангит инфекциясы тарады

Фото ашық дереккөзден

Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы малы арасында тарған эпизоотикалық лимфангит инфекциясына байланысты карантин енгізілді, деп хабарайды Azattyq Rýhy.

«Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған ауылдық округ әкімінің шешімінде.