Кіші Кеннеди АҚШ президенттігіне үміткер болу үшін құжат тапсырды

Автор: Azattyq Rýhy

69 жастағы саясаткер Демократиялық партия атынан сайлауға қатыспақ

Antonio Calanni/AP

АҚШ-тың 35-ші президенті Джон Кеннедидің жиені, заңгер және саясаткер кіші Роберт Кеннеди 2024 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер болу үшін өтініш берді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

CNN агенттігінің хабарлауынша, 69 жастағы кіші Кеннеди АҚШ Демократиялық партиясының атынан кандидаттығын ұсынуға өтініш бермек.

Саясаткер – сенатор Роберт Кеннедидің (1925-1968) ұлы және Американың бұрынғы президенті Джон Кеннедидің (1917-1963) жиені.

Кіші Кеннеди үнемі вакцинаға қарсы болуымен танымал. Ол сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау белсендісі.