Мемлекет басшысының арнайы жарлығы жарияланды
Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Мұқышев ШЫҰ ұлттық үйлестірушісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
«Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Алтынғазыұлы Мұқышев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші лауазымына тағайындалды», - делінген Жарлықта.