Алматы қаласынан 401 шақырым жерде жер сілкінді

Автор: Azattyq Rýhy

Жер дүмпуі Алматы уақытымен түнгі сағат 2:26-да болған

Бүгін Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 401 шақырым жерде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ТЖМ «СТӘЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасап.

Жер дүмпуі Алматы уақытымен 02 сағат 26 мин 51 секундта болған. Жер сілкінісінің ошағы  Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 401 шақырым  жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.6. MPV магнитудасы 4.7. Тереңдігі 20 км. Сезгіштігі туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): жоқ», -делінген хабарламада.