Елордада Дэвис кубогы іріктеу турнирінің екінші кездесуі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Нидерланд құрамалары арасында өтіп жатқан Дэвис кубогының іріктеу турнирінің екінші кездесуінде Александр Бублик пен Таллон Грикспур күш сынасты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Әлемдік рейтингте 51 орында тұрған еліміздің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің қарсыласымен кездесуі тай-брейкке дейін ұласып, 7:6 есебі тіркелді. Екінші сетте де дәл сондай жағдай қайталанды. Қос теннисші ұзақ тіресті. Десек те жерлесіміз АТР тізімінде 196 сатыға табан тірген Таллон Грикспурді 7:6 есебімен жеңді.
Сөйтіп, Қазақстан мен Нидерланды құрамалары арасындағы жарыстың алғашқы күні таразы басы теңесті – 1:1. 6 наурызда жұптық бәсеке және жекелеген қос сайыс өтеді.