Kaspi.kz-тің 1,2 миллион клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды

Автор: Azattyq Rýhy

Сыйақының жалпы сомасы - 66,4 миллиард теңге

Фото: kaspi.kz

Kaspi.kz - тің 1,2 миллионнан астам клиенті депозиттер бойынша мемлекеттік өтемақы алды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Мемлекет өтемақыны бергеннен кейін компания ақшаны бірден аударды.

«Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасы» бойынша өтемақы соңғы жылда депозитте болған ең аз соманың 10% көлемінде болды. Сыйақының жалпы сомасы - 66,4 миллиард теңге. Өтемақы бойынша бір клиентке берілген орташа сома 55 000 теңгені құрады.