Қаладағы кәріз коллекторында апат болды
Оралда кәріз коллекторында тағы да апат болды. Бұл туралы БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
«6 наурыз күні сағат 19.30-да Мәскеу көшесінде кәріз коллекторында екі жерде диаметрі 500 мм құбыр жарылды. Құбырдың не себепті жарылғаны анықталып жатыр», - деп хабарлайды облыстық ТЖ департаменті.
Осыған байланысты қаланың 5, 6, 7 және 9-шағынаудандарында су беруді тоқтату жоспарлануда. Қазіргі кезде «Батыс су арнасы» және «Жайық таза қала» ЖШС күштерімен (18 қызметкер, 11 техника) жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.