Петицияға 1,5 млн адам қол қойған
Оңтүстік Кореяның 1,5 млн азаматы қазіргі президент Мун Чжэ Инаның оставкаға кетуін талап ететін петицияға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Импичментті қолдаушылар мемлекет басшысының коронавируспен күресу шараларының тиімсіздігін алға тартуда. Жергілікті заң бойынша, егер петицияға 200 мыңнан астам қол қойылса, билік оған назар аударуға міндетті», - деп жазады жергілікті басылымдар.
Ал 6 наурыз күні президентті қолдаушылар да арнайы петицияға қол қоя бастайды. Қол жинау 27 наурызға дейін жүргізіледі. Олар үкімет пен президент қолынан келгенін істеп жатыр деген пікірде.
Айта кету керек, Оңтүстік Кореяда коронавирус жұқтырғандар саны 6 мыңнан асты.