Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов өз лауазымына қайта тағайындалды, деп хабарлады Azattyq Ruhy.
«Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын», - делінген Ақорда хабарламасында.
Сондай-ақ Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды», - деп жазылған хабарламада.