Қазақстан ОПЕК+ елдерімен бірге мұнай өндірісін қысқартпақ

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті

Фото: vedomosti.ru

Қазақстан басқа ОПЕК+ елдерімен бірге 2023 жылдың мамыр айынан бастап өндірісті одан әрі қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Қазақстан 2023 жылдың мамыр айынан бастап басқа ОПЕК+ қатысушы елдермен бірге өндіруді тәулігіне 78 мың баррельге қысқартуды жүзеге асырады», - делінген хабарламада.

Айта кетерлігі, аталған қысқарту 2022 жылғы 5 қазандағы ОПЕК+ 33-ші министрлік кездесуінде қабылданған өндірісті қысқартуға қосымша алдын алу шарасы болмақ.