Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында орналасқан
Алматылықтар жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2023 жылғы 2 сәуірда Алматы уақыты бойынша сағат 16:56:14-те (2023 жылғы 2 сәуірде 10:56:14 GMT) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 17 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.
MPV магнитудасы 3,6.
Эпицентр координаттары 43,07° солтүстік 76,81° шығыс
Тереңдігі 10 шақырым.
MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда 2 балл сезілген.