Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жалған 9 300 АҚШ долларын өткізген

Фото ашық дереккөзден

Шымкентте ақшаны қолдан жасаған тұрғын 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Камилхан Исмаилов айтты.

«Шымкент бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті Э. деген азаматқа қатысты жалған 9 300 АҚШ долларын өткізу бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа жолданды. Күдікті 10 жылға бас бостандығынан айрылды», - деді ол.

ҚР Ұлттық банкінің жалған банкноттары мен монеталарын сонымен қатар мемлекеттік бағалы қағаздарды, шетел валютасын немесе ондағы бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау немесе сақтаумен айналысқандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша жазаланады.

Заң бұзушы жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай мүлкі тәркіленеді немесе 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.