Алматы облысында жол апатынан бес адам қайтыс болды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы төрт жолаушы ауруханаға жатқызылды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 1 сәуір сағат 08:00 шамасында Audi 100 автокөлігінің жүргізушісі, Ұйғыр ауданының 43 жастағы тұрғыны Алматы-Көкпек – Көктал автожолының 196 шақырымында қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1964 жылғы Б. есімді азаматтың басқаруындағы Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның 3 жолаушысы, сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан Орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша Еңбекшіқазақ ауданының СДТБТ-да тіркелді.

Қазір қажетті сараптамалық зерттеулерді тағайындаумен тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.