Ақтөбеде гараждан жүз келіден астам есірткі заттары табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта тінту шаралары жалғасуда

фото ашық дереккөзден

Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғынын ұстады. Бұл туралы Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды және тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тегтер: