Жемқорлыққа қарсы комплеанс: төзімділікті қалай арттыру керек

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл, әсіресе, бизнес үшін маңызды

Бұл туралы Заң консультанттары палатасының төрағасы Жұмагелді Елубаев жемқорлыққа қарсы комплеантсі дамыту туралы форум барысында айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеансті дамыту» форумында іскерлік парасаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеансті дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі таңда біздің елде Мемлекет басшысының еркін саясаты бар. Жемқорлық саласында комплеансті дамыту ЭЫДҰ стандарттары мен нормаларына сай дамып жатыр. Ішкі аудит пен комплеансті дамыту саласында жұмыс істейтін қызметкерлер жігерлі әрі батыл болуы керек. Жемқорлыққа қарсы комплеансті дамыту өзгерістерін енгізуді ең алдымен квазимемлекеттік сектордың жетекшілері түсінуі керек», - деді ол.

Оның айтуынша, жетекшілер бұл мәселе бизнес үшін маңызды екенін білуі керек.

«Мұның барлығы біздің елімізде әділ әрі кедергісіз бизнестің болуына әсер етеді. Жемқорлық болмауы керек. Болған күннің өзінде оған деген төзімділік 0-ді құрауы тиіс», - деді Елубаев.