Өткен тәулікте Қазақстанда 84 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

КВИ-ге шалдыққан 4 адамның жағдайы ауыр

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 84 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ҚР ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

31 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 750 адам коронавирус инфекциясынан (–1 572+ және 178 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 166 пациент стационарда, 1 584 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  4 адамның жағдайы ауыр,
  •  2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.