Республика бойынша қатты жел тұрып, тұман түседі.
Синоптиктер 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Бүгін Қазақстанның солтүстік, орталық аумақтары ауқымды суық антициклон ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз салқын ауа райы болуы мүмкін. Еліміздің қалған аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байлаңысты тұрақсыз ауа райы болады, жауын-шашын, оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), еліміздің оңтүстігінде, батысында қатты жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Республика бойынша оңтүстікте қатты жел, шаңды дауыл, соғып оңтүстік-батыста найзағай ойнайды, тұман түседі.
Жетісу, Алматы облыстарының оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Түркістан облысының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Жетісу, Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай, күндіз Жамбыл облыстарында екпіні 30 м/с және одан да аса болатын қатты жел соғады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 2-4 жылы болады.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 жылы болады.
Шымкентте көшпелі бұлтты шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыстан 8-13, күндіз екпіні 17-22 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 21-23 жылы болады.