Жол апаты кезінде қоғамдық көлікте 8 жолаушы болған
Оралда жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy «Мой ГОРОД» порталына сілтеме жасап.
Жол апаты сағат 15:00 шамасында С.Батов көшесі бойында орын алды. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 39 жастағы КамАЗ жүргізушісі жол ережесін бұзып, жолаушылар автобусына соқтығысқан.
Қоғамдық көлікте 8 жолаушы болған. Жүргізушілер медициналық тексеруден өтті, ал зардап шеккен жолаушылар көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне босатылды.
КамАЗ жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.