СҚО-да алимент төлемеген 45 адам елден тыс жерде жүр – полиция

Автор: Azattyq Rýhy

Алимент төлемеген 60 адам іздестіріліп жатыр

Фото ашық дереккөзден

СҚО полицейлері алимент төлемеген 9 адамды 3 күнде іздеп тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Polisia.kz мәліметіне жүгінсек, алимент төлемейтіндер мен айыппұлдар бойынша борышкерлер Солтүстік Қазақстан полицейлерінің ерекше назарында. Оларды іздестіру бойынша акцияны облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі бөлімшелерінің қызметкерлері өткізді.

Тайынша ауданының шалғай ауылдарының бірінде 3 жасар қызын асырауға алимент төлеуді тоқтатқан 27 жастағы солтүстікқазақстандықтың тұрғылықты жері анықталды. 27-29 наурыз аралығында аумақтық полиция бөлімшелерінің күштерін тарта отырып өткізілген акцияның 3 күнінде 9 алимент төлемейтін және алты борышкер анықталды.

«Іздестіру шаралары тұрақты негізде жүргізіледі. Қазіргі уақытта көші-қон қызметі бөлімшелерінің өндірісінде борышкерлер мен алимент төлемейтіндерге, сондай-ақ туыстық байланысын жоғалтқан адамдарға қатысты 60 іздестіру ісі бар. Оның 45-і елден тыс жерде, олар мемлекетаралық іздеуде деп жарияланды. Бұл бағыттағы жұмыс облыстық полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында», — деді СҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов.