Құжат 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды
Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағына автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бұйрық Ашық НҚА порталында жарияланды.
«Тұқымдық бидайды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001 11; 1001 91) қоспағанда, бидай (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды 1001) импортына Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен алты айға тыйым салу енгізілсін», - де жазылған бұйрықта.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжат 5 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Еске салсақ, Ресей Федерациясынан автокөлікпен бидай әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс 14 наурызда ҚР Сауда және интеграция вице-премьерінің қатысуымен өткен кеңесте айтылған болатын.