Республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемі ұлғайған
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 12,8%-ға өсті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында құрылыс жұмыстарының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсіп, 295,4 млрд теңгені құраған.
«Көлемнің ұлғаюы тұрғын емес ғимараттар (35,4%-ға) мен құрылыстарды (5,3%-ға) салу және жөндеу жұмыстарымен байланысты. 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында орындалған құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша ең көп үлесті тұрғын емес ғимараттар (24,7%) және тұрғын үйлер (12,5%) алады», - делінген бюро хабарламасында.
Өңірлік тұрғыда республиканың 19 өңірінде құрылыс жұмыстары көлемінің ұлғайғаны байқалады.
Ең үлкен өсім:
Айта кетейік, республикадағы құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінің жеке құрылыс ұйымдары – 73,4%, шетелдік – 26,3% және мемлекеттік – 0,3% орындаған.