Әзербайжан депутатқа жасалған қастандық үшін Иранды айыптады

Автор: Әмірболат Құсайынұлы

Жергілікті барлау агенттіктері бұл оқиғаны террористік акт деп атады

 

Фото: bbc.com

Әзербайжан мен Иран арасында саяси жағдай тағыда шиеленісіп кетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

BBC агенттігінің жазуынша, Бакуде депутатқа жасалған шабуылды Иран билігі «ұйымдастырған». Депутат Фазил Мұстафаға белгісіз біреулер автоматтан оқ жаудырған. Фазил Мұстафаға жасалған қастандықты Әзербайжан билігі Ираннан көріп отыр. Әзербайжан депутатына қастандық жасағалғаннан кейін, Бакуде «Иран Әзербайжандағы саясатқа ықпал етуге тырысты» деп айыпталды.

Жергілікті барлау агенттіктері бұл оқиғаны террористік акт деп атады. Екі елдің арасындағы қарым-қатынас 2020 жылғы Қарабах соғысынан кейін де күрделене түскен еді. Екі тарап бір-бірімен шекарада әскери жаттығулар өткізуге дейін барды. Әзербайжан ирандық тыңшыларды ұстап, Израильмен достық байланысты күшейтуге тырысып келеді.

Осыдан екі күн бұрын кешке Әзербайжан Парламентінің депутаты Фазил Мұстафаны белгісіз біреулер Калашников автоматынан атып кетті. Шабуылдаушы қашып үлгерген, ал депутат ауыр жарақат алса да  тірі қалды. Кейінірек Әзербайжанның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі болған оқиғаны террорлық шабуыл деп атады.

Депутат Фазил Мұстафа Иран билігін өткір сынаумен танымал болған

Парламент депутаты Иранға қарсы қатал ұстанымымен танымал. Ол Иран Оңтүстік Кавказдағы мешіттердің имамдарына ықпал етуге тырысып келеді деп  бірнеше рет айтқан. Тіптен қазіргі уақыттағы өздерінің басты жауы Арменияны Иран қолдады деп те айыптаған.

Сонымен қатар Фазил Мұстафа Әзербайжан шииттік ұстанымдағы Ираннан өзгеше деп санайды және кейбір діни рәсімді сынға алды. Әсіресе ирандық шииттердің «ашура» аза тұту рәсімі кезінде өздерін жарақаттауын сынға алған.

Қарабақта бір-бірімен соғысқан Армения мен Әзербайжан Иранмен шекаралас орналасқан. Елдердің күн өткен сайын аралары суып барады. Әзербайжан мен Иран екеуі де Каспи теңізі арқылы Қазақстанмен шекараласады. Әзербайжан 2020 жылғы 44 күндік соғыс кезінде Иранның Армениямен шекарасын жаппағанын да ұмытпаған. Керісінше, Ираннан Армения территориясы арқылы таулы Қарабаққа жүк жіберілді. Әзербайжанның сол жаққа бара жатқан ирандық жүргізушілерді ұстаған жағдайлары да болды.

Екінші Қарабақ соғысынан кейін аймақтағы жағдай өзгерді. Әзербайжанның стратегиялық одақтасы және Иранның аймақтық қарсыласы Түркияның рөлі артты. 2020 жылғы Қарабақ соғысында Әзербайжан Израильден қару алды, ал Израиль Иран Ислам Республикасының басты жауларының бірі болып саналады. Екінші Қарабақ соғысы аяқталғаннан кейін екі ел де бірнеше рет бір-бірімен шекарада, Аракс өзенінің бойында әскери жаттығулар өткізді.

 Әзербайжан мен Түркия бірлескен әскери жаттығуларын жиі өткізеді

Иран СІМ басшысы Хосейн Амир Абдоллахиан Әзербайжан аумағында Иранмен шекараның өзінде Израиль қарулы күштері бар және Иран «бұл жағдайда қажет кез келген шараларды» қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

Иран Әзербайжанмен шекарада жаттығулар өткізіп, оны «Израильдің қауіп-қатерін қайталады» деп айыптайды. 2023 жылы шиеленіс күшейе түсті. Қаңтарда ер адам Тегерандағы Әзербайжан елшілігіне қарулы шабуыл жасап, елшіліктің бір қызметкері қаза тауып, тағы екеуі жарақат алды.

Әзербайжан елдегі жағдайды тұрақсыздандыруға тырысқаны үшін Иранды жиі айыптап келеді және тыңшылық жасады деген айыппен ирандықтарды тұтқындаған. Иран билігі де қарап қалмай,  қару-жарақ таратқан, оларды пайдалануға үйреткен және радикалды топтар құрды деген айыппен Әзербайжан азаматтарын қамаған.

Депутатқа жасалған қастандық қарсаңында Әзербайжан Сыртқы істер министрінің және бірнеше парламентшілердің қатысуымен Тель-Авивтегі Әзербайжан елшілігінің салтанатты ашылуы өтті. Ирандық әзербайжандар Ислам Республикасында ең үлкен этникалық топ саналады.

Екі елдің де халқы негізінен шиизмді ұстанады. Алайда Түркия сунниттік ел болса да, Әзербайжанның ең жақын одақтасы. Әзербайжан XIX ғасырдың басында Ресей империясының құрамына кірді. Осы уақытқа дейін Иранның Әзербайжанмен шекаралас, этникалық әзербайжандар тұратын провинциялары сәйкесінше, Шығыс және Батыс Әзербайжан деп аталады.