«Жеңіл ұйқас тауып алып, қайталай береді»: Әбдіжаппар Әлқожа жас әншілерге ренішін білдірді

Автор: Azattyq Rýhy

Өзіне Мейрамбек Беспаев, Еркін Нұржанов, Сәкен Майғазиев жол көрсеткенін айтты

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа эстрадағы жолын алғаш бастағанда темірдей тәртіп болғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бізге дейін тәртіп болды. Мейрамбек, Еркін Нұржанов, Сәкен ағаларымыз Төреғалиге, Нұрболатқа, маған алғаш сахнаға шыққан кезде «тұрыстарыңды құртыңдар, аяғыңды қисайтпай тұр, еркін тұр» деп ақылын айтатын. Біз соны көріп өстік, бірақ мұны жас буынға айта алмаймыз, себебі әлеуметтік желі, YouTube дамып кеткен. Біз аға буын өкілдеріне құрметпен қарап, сыйлайтынбыз, олар бізге жұлдыз боп көрінетін. Ал қазіргі жастарға біз жұлдыз болып көрінбейміз. Ол шындық. Олардың әлемі бөлек, YouTube арнасы бар. «Маған бәрібір» дегендей, жеңіл үш ұйқас тауып алып, қайталай береді. Шетелден алған биттарын қойып алса болғаны. «Дедовщина» бізбен бітті», – дейді ол өкпе-назын білдіріп.

Stan.kz мәліметіне жүгінсек, әнші ұрпақтар сабақтастығының бұзылуына өзінің де кінәлі екенін мойындады.

«Сол бір тәртіп қалып қойды. Мүмкін біз бос боп қалдық па? Әлде соған мән бермедік пе? Бәлкім аға бола алмай қалған шығармыз», – деді Әбдіжаппар.