$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары»: Тоқаев елдің мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырды

Ол сайлауда жеңіске жеткендердің еңбегін жоғары бағалады

«Елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары»: Тоқаев елдің мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясының ашылуында сайлауда жеңіске жеткендер туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Осы науқанға өте көп адам қатысты. Бұл – қалыпты үрдіс. Олардың арасында мақсаты, ұстанымы әртүрлі жандар бар. Қазір елдің көзі ашық, көкірегі ояу, саяси сауаты жоғары. Кез-келген сайлауда жеңіске жету үшін жылдар бойы қажырлы еңбек ету қажет. Халықтың және тарихтың алдындағы жауапкершілікті сезіну керек. Бір сөзбен айтсақ, ұзақ мерзімді, жүйелі стратегияның арқасында ғана жеңіске жетуге болады. Қажетті дауыс жинай алмаған үміткерлер үшін де бұл – үлкен тәжірибе және жаңа мүмкіндік. Баршаңызды Қазақстан мүддесі үшін жұмылып жұмыс істеуге шақырамын», - деді ол.

Айта кетейік, 19 наурызда Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлау өтті. Мәжіліске жаңадан 98 депутат сайланды. Оның 29-ы бір мандатты округтерден сайланды.

Серіктес жаңалықтары