Шекарадан өтпек болған шетелдік азаматтың көлігінен есірткі табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Өзбекстандық жүргізуші есірткіні киімінің қалтасына жасырған

фото ашық дереккөзден

Түркістан облысында полицейлер шекарадан өтпекші болған шетелдіктің жүк көлігінен гашиш тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Қазығұрт» шекара бақылау-өткізу бекеті қызметкерлері қызметтік иттің шекарадан өтпекші болған ер адамның көлігіне белгі бергенін хабарлаған.

Ақпарат бойынша оқиға орнына шыққан полицейлер, заңмен тыйым салынған затты анықтады.

«Өзбекстаннан Қазақстанға «VOLVO» маркалы жүк көлігімен өтпекші болған шетелдіктің көлігін тексеру барысында, күмәнді зат табылды. Яғни ер адамның көлікте тұрған күртешесінің қалтасынан есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысы алынған есірткінің «гашиш» екенін растады», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: