Өзге өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады
Синоптиктер 28-30 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Қазақстан аумағының батыс бөлігі төмен қысымның ықпалында болатындықтан, аумақта тұрақсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ фронтальды бөліктердің өтуімен 29 наурызда еліміздің солтүстігінде, күндіз орталығында, 29-30 наурызда шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), 30 наурызда күндіз қалың қар жауады. 29-30 наурызда оңтүстікте, оңтүстік-шығыс аймақтарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғып, солтүстік пен шығыста көктайғақ болуы мүмкін.
30 наурызда республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы күндіз 5-5 аязға дейін төмендеуі ықтимал.