Коронавирус жұқтырған 3 адамның жағдайы ауыр – ДСМ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанда КВИ жұқтырғандар саны азайып келеді

Фото ашық дереккөзден

Өткен тәулікте елімізде 32 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

27 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 769 адам коронавирус инфекциясынан (–1 595+ және 174 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 617 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.  

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  3 адамның жағдайы ауыр,
  •  2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  4 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.