Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақыру өкіміне қол қойды

Автор: Azattyq Rýhy

XXХІI сессия 26-27 сәуір аралығында Астанада өтеді

Фото ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды», - делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы 2023 жылы 26-27 сәуір аралығында Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.