Синоптиктердің болжамынша еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
Қазгидромет жексенбіге арналғані ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жексенбі күні Қазақстанның барлық аумағында антициклонның әсерінен ашық ауа райы сақталады.
Тек республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы күтіледі, аздаған жауын-шашын жауады.
Республика бойынша тұман түседі, еліміздің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жел күшейеді.