Биыл Қазақстан дүниежүзілік акцияға 14-рет қатысатын болады
Бүгін 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл әлем елдерінде миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын 1 сағатқа өшіретін уақыт, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштерінің жарығы сөндіріледі.
Жыл сайын әлемнің 180-нен астам мемлекеті осы акцияға қатысады.