Түнгі клубта жұмыс істейтін жігіттен аса ірі мөлшердегі мефедон табылды
Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істеген. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.
Астана қаласы прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды. Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді.
Ол Астана қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау абақтысына қамалды.
«Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп көрсетті Астана қаласы полиция департаменті.