Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді
Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ ауданынан заңсыз оқ-дәрілерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицейлер жергілікті тұрғындардың бірінің үйіне тінту жүргізіп, одан түрлі калибрлі 260-тан астам заңсыз сақталған оқ-дәрі тәркіледі.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның толық мән-жайы анықталуда», - деп көрсетті Түркістан облыстық полиция департаменті.