Коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам өте ауыр жағдайда жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Сонымен қатар 2 пациент өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 25 наурыздағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 729 адам коронавирус инфекциясынан (–1 555+ және 174 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 152 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 3 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр ал 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп көрсетті ведомствоның баспасөз қызметі.

Тегтер: