Құтқарылғандардың арасында бала да бар
Қарағанды облысында 30-ға жуық жолаушы қар құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облстық ТЖД мәліметіне қарағанда, 25 наурызға қараған түні Қарағанды облысы Осакаров ауданында жергілікті маңызы бар «Приишимское ауылы - Шоқай кенті» тас жолдың бойында жолаушылар мінген автобус қар құрсауында қалған.
Астана-Алматы бағытымен келе жатқан автобус Осакаровкадан 50 шақырым жерде тоқтаған. Оқиға орнына ТЖД күштері жіберілді. Өрт сөндіруші-құтқарушылар автобустан 28 адамды (оның ішінде 1 бала) Осакаровка ауылына көшірді. Жолаушылардың бірі денсаулығына байланысты ауруханаға жеткізілді.