Астанада қала маңына жүретін автобустардың қозғалысы тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды

фото ашық дереккөзден

Астанада қала маңына жүретін бірнеше автобустың қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Ауа-райының қолайсыздығына және тас жолдардың жабылуына байланысты, қала маңына қатынайтын №№ 305, 312, 315, 316, 327 бағдарларының қозғалысы уақытша тоқтатылды», - делінген City Transportation Systems компаниясының хабарламасында.

Басқа қала маңына қатынайтын бағдарлар линияда.