Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Астана мен үш облыста түнде және таңертең тұман түседі

Фото ашық дереккөзден

Еліміздің 4 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 наурызда Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, батысында түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Павлодар облысы мен Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігіне де тұман түседі.

СҚО-да оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан жел есіп, күндіз екпіні 15-20 м/с.