Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр
Шымкент қаласында 5 жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлаған. Баланың үйде ата-анасының қарауынсыз болғаны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға Шымкент қаласындағы әл-Фараби ауданына қарасты 16 ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде орын алды. Көп пәтерлі 5-қабатты тұрғын үйдің 4-қабатта орналасқан пәтердің терезесінен 2018 жылғы қыз құлаған. Бүлдіршін дереу ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр.
«Қазіргі таңда қыз балаға ота жасалды, ол комада, әлі есін жимады. Құрметті ата-аналар, балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар», - делінген ТЖД хабарламасында.