Ақтауда 3 баланы өлтірді деген күдікпен олардың әкесі ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде

Фото ашық дереккөзден

Ақтау қаласындағы 27 шағын ауданның пәтерінен зорлықпен өлім белгілері бар күйінде жасөспірімдер табылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy полицияға сілтеме жасап.

2011, 2014 және 2016 жылы туған кәмелетке толмағандарды өлтірді деген күдік бойынша полиция қызметкерлері 36 жастағы әкесін ұстады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.