Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасын қабылдады

Автор: Azattyq Rýhy

Кездесуде энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттары талқыланды

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллерді қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллермен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ кездесу барысында газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесі қарастырылды.