Қызылорда облысында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол нағашысының үйіне анасымен бірге қыдырып барған

Фото ашық дереккөзден

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында екі жасар бала су алатын құдыққа түсіп көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін сағат 13-тен 54 минут өткенде Департаменттің Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына төмендегіше хабарлама келді: Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйде 2021 жылы туылған Түркістан облысы, Сауран ауданы, Балтакөл елді мекенінің тұрғыны бүгін сағат 11-ден 30 минут өткен шамасында ауладағы су алатын құдыққа түсіп қайтыс болды», - делінген Қызылорда облысы ТЖД хабарламасында.

Белгілі болғандай қайтыс болған бала Жаңақорған ауданы, Қандөз ауылы, С.Молдалиев көшесіндегі тұрғын үйге, яғни нағашысының үйіне қыдырып анасымен бірге келген.