25-27 наурызда еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады
«Қазгидромет» РМК мамандары Қазақстан бойынша 25-27 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Синоптиктер болжамынша, алдағы күндерде ауа райы қазақстандықтарды көктемгі жылуымен қуантады.
«Жоғары атмосфералық қысым алқабының әсерінен еліміздің көп бөлігінде ауа райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек жекелеген аудандарда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз аздаған жаңбыр жауады. Сондай-ақ жел күшейіп, 27 наурызда еліміздің оңтүстік-шығысында жаңбыр жаууы мүмкін, таулы аймақтарда тұман болады», - делінген хабарламада.
Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды.
Республика бойынша термометрлер бағаны: