Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн ашық болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер 24 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Бүгін Қазақстанның барлық аумағында антициклон әсерінен ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстік-батысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болуы мүмкін, аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9 аяз, күндіз 3-5°С жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Жел 2-7 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 14-16°С жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 20-22°С жылы болады.