Бүгін – қасиетті Рамазан айының бірінші күні

Автор: Azattyq Rýhy

Ораза 23 наурыздан 21 сәуірге дейін жалғасады

Фото ашық дереккөзден

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті саналатын Рамазан айы басталды. Ораза 23 наурыздан 21 сәуірге дейін жалғасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сәуір айының 17-нен 18-іне қараған түн – қасиетті Қадір түні, 21 сәуір – ораза айт мерекесі.

Айлардың сұлтанында ауыз бекіткен мұсылман баласы ішіп-жеуден ғана тыйылмай, жаны мен тәнін күнәдан тазартып, ізгі іске асығады. Бұл – Құран аяттары түсе бастаған ай. Сондықтан садақа беріп, айналаны жылуға бөлеудің маңызы жоғары.

Ораза ұстау – әр мұсылманға парыз. Себебі бұл күні адамдарға көп жақсылық пен мүмкіндік беріледі. Жәннаттың есігі ашылып, ораза тұтқан адамның алдыңғы және кейінгі күнәлары кешіріледі. Сансыз сауап жауады.