Ауғанстан мен Пәкістандағы жер сілкінісінен кем дегенде 13 адам қаза тапты
Жер сілкінісін 285 млн-ға жуық адам, оның ішінде қазақстандықтар да сезінді

Ауғанстан мен Пәкістан аудандарында болған жер сілкінісі салдарынан кем дегенде 13 адам қаза тауып, жүздеген адам жарақат алды, деп хабарлайды Al Jazeera.
Пәкістанның солтүстік-батысында кем дегенде тоғыз адам қаза тауып, 44 адам жарақат алды.
«Сват алқабындағы 10 жасар қыз және төменгі Дирдегі 24 жастағы ер адам үйлерінің қабырғалары құлаған кезде қайтыс болды. 20-дан астам ғимарат дүмпуден зардап шекті, ондаған адам жарақат алды», - деді Пәкістанның 1122 құтқару қызметінің өкілі Билал Файзи.
Хайбер-Пахтунхваның Солтүстік провинциясындағы ауруханалар төтенше жағдай режиміне көшті.
Ауғанстандағы жер сілкінісі салдарынан төрт адам қайтыс болып, 50 адам зардап шекті.
Жер сілкінісінің эпицентрі Ауғанстанның Джурм қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 км жерде, Пәкістан мен Тәжікстан шекараларына жақын жерде болды.
Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Пәкістан, Үндістан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Түрікменстанда 1000 км-ден астам аумақта 285 млн адам жер сілкінісін сезген.
Пәкістан Премьер-министрі Шехбаз Шариф табиғи апаттарды жою жөніндегі шенеуніктерден жер сілкінісі салдарынан қырағы болуды сұрады.
Өткен жылы Шығыс Ауғанстандағы жер сілкінісі 1000-нан астам адамның өмірін қиды. 2005 жылы Пәкістанның солтүстігінде болған 7,6 балдық жер сілкінісінен кем дегенде 73 мың адам қаза тапты.