Мемлекет басшысы игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді
Президент мерекелік іс-шарада «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциясына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акцияның мақсаты – наурыз айы бойына халықтың әлеуметтік осал топтарына қамқорлық көрсетіп, көпбалалы отбасылардан, мүмкіндігі шектеулі жандардан, зейнеткерлерден келіп түскен хаттарда жазылған өтініш-тілектерді орындау.
Еріктілер Мемлекет басшысынан сандықтан алғашқы хатты алып оқуды сұрады.
Қасым-Жомарт Тоқаев хатты оқып, оның иесінің тілегі орындалатынын жеткізді. Сонымен қатар Президент осынау игі істі бастаған жастарға ризашылығын білдірді.