Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды
Елордада екі жеңіл көлік пен автобус соқтығысты. Көлік жүргізушілердің бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 20 наурызда сағат 20:30-да Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында болған.
«Үш көліктің – Toyota, Audi және Iveco автобусы соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды. Салдарынан Toyota көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.