Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ішінде Астана мен Алматы қалалары да бар

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

21 наурызда Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Риддер, Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.