Осыған байланысты, төтеншеліктер тұрғындарға ескерту жариялады
Шығыс Қазақстан облысының таулы жерлерінде 23 наурызға дейін қар көшкіні жүруі мүмкін. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Департамент мәліметінше, 21-23 наурыз аралығында өңірдің таулы жерлерінде қар көшкіні жүру қаупі бар.
«Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, күннің күрт жылынуына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпауды ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыздар», - деп хабарлады ведомстводан.