БҚО-да су тасқынына қатысты жағдай тұрақталды – ТЖД

Автор: Azattyq Rýhy

Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр

 

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысы бойынша жағдай тұрақты. Елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Бұл туралы БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Батыс Қазақстан облысы ТЖД ақпараты бойынша жедел штабтың шешіміне сәйкес соңғы 3 күнде қоңыраулардың болмауына байланысты «жедел желі» телефонының жұмысы тоқтатылды. Бұл ретте жедел штабтың жұмысы жалғасуда, тәулік бойы кезекші қызметтердің телефондары тұрақты жұмыс істейді», - делінген хабарламада

Су тасқыны кезеңінің басынан бастап «жедел желі» телефонына тұрғындардан 200-ден астам қоңырау түсті. Жедел штаб Орал және Елек өзендері деңгейінің жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатыр.

Тақырыпқа орай: Шаған өзенінде су деңгейі көтерілді: Оралда 50-ге жуық саяжай су астында қалды

Аудан әкімдіктерінде су басқан тұрғын үйлерді санау, жергілікті атқарушы органдар тиісті көмек көрсету үшін материалдық залалды белгілеу бойынша жұмыс жүргізетін комиссиялар құрылды.